Информация о видео

4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 шаршы метрлік үйдің төбесі жанып ортасына түскен. Өрт салдарынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапқан. Бесеуі де қыз бала.
"Өрт болып жатқанын көршілері хабарлаған. Қайтыс болған балалар - бір отбасының балалары. Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған" деді департамент баспасөз қызметінің өкілі Аягөз Фазылова.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт суыт хабар түскеннен кейін бір сағатқа жуық уақыт өткенде сөндірілген. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт электр құралдарынан немесе пештен шыққан деген болжам бар.
​Бес баласынан айырылған отбасының жақындарының айтуынша, балалардың анасы үш күн бұрып жұмысқа шыққан. Ал әкесі көлік жөндеу орталығында жұмыс істеген.
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук:
ВК:

Твиттер:
Телеграм:

Теги

ртте
билермен
оштасу
Азатты
Радиосы
Радио
Азаттык